Сені бірінші орынға қоятын браузер

Жарнамаларды бұғаттайды. Деректерді сақтайды. Вебпарақшаларды тезірек жүкте. Тек браузеріңізді ауыстыру жеткілікті!

Құпия іздеу

Brave Іздеу — бәрі керек жерінде: жақсырақ нәтижелер, жасанды интеллект, құпиялылық.

Кіріктірілген ЖИ көмекші

Сауалыңа жауап ал, контент жаса және басқа да қызметтерді пайдалан. Бәрі дәл осы браузерде.

Лео ЖИ

Қуатты VPN

Барлық құрылғыңыздағы әрбір қолданбаны қорғаңыз.

Firewall + VPN

Қолданушыларды бірінші орынға қоятын ғаламтор қандай болады?

Құпиялықты күшейту. Вебпарақшаларды жылдамырақ жүктеу. Оңайырақ бағыттау. Қолданушыларды табыстан биік қоятын қызметтер.

Кедергісіз ғаламтор кеңістігі

Brave кез келген сайттағы бөгде жарнамаларды автоматты түрде бұғаттайды. Бұл – видео жарнамалар, іздеу кезінде шығатын жарнамалар, әлеуметтік желілердегі жарнамалар және тағы басқалар болуы мүмкін.

Ал үнемі шыға беретін cookies туралы хабарламалар ше? Біз бұларды да бұғаттаймыз.

Деректерді сақта, қуатты және уақытты үнемде

Қажетсіз дүние жүктелмеген соң, сіз Wi-Fi трафигін де, мобильді деректерді де, батарея қуатын да, процессор ресурсын да үнемдейсіз. Вебсайттар 3-6 есеге дейін жылдамырақ жүктеледі. Күтуге кететін уақыт азайса — басқа істерге уақыт көбірек қалады.

Ешбір платформа ұсына алмайтын құпиялық деңгейі

Brave Shields бақылаудан және құрылғыны тану жүйелерінен қорғайды. Әрбір байланыс қауіпсіз. Себебі бұл — премиум VPN. Сайттардың сіздің деректеріңізді сатуы мен таратуына жол бермеу үшін автоматты түрде қосулы болатын Global Privacy Control.

Бәрі бір жерде. Қарапайым, түсінікті, тиімді.

Қауіпсіздік автоматты түрде жұмыс істейді

Brave қосқан бойда жұмыс істейді. Тетіктермен әуре болмайсың, ешқандай артық қосымшалар орнатпайсың, бәрі қарапайым.

Ауыстыру өте оңай!

Жылдам, құпия әрі кедергісіз интернет — небәрі 1 минутта қолжетімді.

Brave-ті орнатыңыз, бұрынғы браузерден таңдаулы беттеріңізді алып келіңіз, әрі қарай… Бәрі дайын!

Жарнамалары аз ғаламтор

Кейбір танымал сайттарды Brave-те және басқа браузерлерде ашып, сынап көріңіз. Айырмашылығын көріп тұрсыз ба?

Жүгірткіні жылжытып, Brave пен өзге браузерлердің айырмасын байқа

brave
chrome
brave
chrome
brave
edge
brave
edge
brave
firefox
brave
firefox
brave
safari
brave
safari

Құпиялылық, өнімділік және мүмкіндіктер бойынша озық тұр

Brave-тің артықшылықтарын басқа браузерлермен салыстыра отырып көріңіз.

Brave Chrome-ға қарсы

Chrome құпиялылық пен өнімділік тұрғысынан Brave-тен әлдеқайда төмен деңгейде.

Chrome-ның басқа браузерлермен салыстырмасын көріңіз

Brave Firefox-қа қарсы

Бұрын көп қолданылатын Firefox бүгінде Big Tech-тің баламалары арасында артта қалып келеді.

Firefox-тың басқа браузерлермен салыстырмасын көріңіз

Brave Іздеу Google-ға қарсы

Әлемдегі ең танымал іздеу жүйесі қолданушы деректерін жинап, жауаптардан гөрі жарнаманы бірінші орынға қояды.

Google-дың басқа браузерлермен салыстырмасын көріңіз

Brave Іздеу DuckDuckGo-ға қарсы

"Баламалы" деп аталатын бұл іздеу жүйесі Bing-тің негізінде жұмыс істейді.

DDG-дің басқа браузерлермен салыстырмасын көріңіз

Жеке деректеріңізді сақтауға емес, уақытыңызды үнемдеуге көңіл бөлетін браузер

Brave Android, iOS, Linux, macOS, сонымен қатар Windows-та қолжетімді

App Illustration

Бизнесіңізді Brave-пен жаңа деңгейге көтеріңіз:

Brave браузері ұйымыңыз үшін қай функциялар қосылатынын немесе өшірілетінін баптауға мүмкіндік беретін кәсіпорындық деңгейіндегі топтық саясат арқылы орнатуға мүмкіндік береді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Brave браузері қауіпсіз бе?

Brave қазіргі нарықтағы ең қауіпсіз браузерлердің бірі. Ол құпия деректеріңізді бақылауға тырысатын жарнамалар мен трекерлерді бұғаттайды. Үшінші тараптардың сіздің деректеріңізді сақтауына жол бермейді. Ғаламтордағы жеке басыңызды анықтауға арналған әдістерден қорғайды. Бұл әрбір вебпарақшаны қауіпсіз HTTPS қосылымына ауыстыруға мүмкіндік береді. Және ол мұның бәрін автоматты түрде жасайды.

Бұл браузер ашық кодты Chromium жүйесіне сүйеніп жасалған, ол бүкіл әлемде кең таралған браузерлердің негізі саналады. Brave – қауіпсіздік сарапшылары ең көп тексерген ашық кодты браузерлердің бірі. Қысқасы, Brave-ті қолдану қауіпсіз әрі ол көп браузерге қарағанда сенімдірек. Толығырақ білу.

Brave-ті қалай орнатуға немесе жүктеуге болады?

Brave дербес компьютерлердің басым бөлігінде (Windows, macOS, Linux) және мобильді құрылғылардың көбінде (Android пен iOS) қолжетімді. Іске қосы үшін жай ғана Brave браузерін компьютеріңізге жүктеп алсаңыз жеткілікті.Андройдта және iOS-тажүктей аласыз.

Brave-те VPN бар ма?

Әрине! Brave Firewall пен VPN бірге ғаламтордағы барлық әрекетіңізді қорғайды — бұл қорғаныс тек браузер ішінде ғана емес, бүкіл құрылғыда жұмыс істейді. Бір жазылым арқылы Android, iOS және компьютер секілді 5 құрылғыға дейін қолдануға болады.

Brave YouTube жарнамаларын бұғаттайды ма?

Иә, Brave YouTube секілді видеоплатформалардағы жарнамаларды бұғаттай алады. Осы арқылы вебпарақша жарнамалары, видео алдындағы, ортасындағы және соңындағы жарнамалар — барлығы бұғатталады. Жарнамасыз ғаламтор — қолданудың ыңғайлығы пен жылдам ашылатын видеолар. Brave-тің YouTube-тағы жарнамаларды бұғаттауы туралы толығырақ біліңіз.

Brave Іздеу жүйесі деген не?

Brave Іздеу— Brave браузерінің жаңа қолданушылары үшін автоматты орнатылатын, дербес әрі құпия іздеу жүйесі. Сонымен қатар, бұл search.brave.com сілтемесі арқылы басқа кез келген браузерде қолжетімді. Brave Іздеу— ғаламторды өздігінше индекстеп, жылдам әрі дәл нәтижелер береді. Сонымен қатар, жасанды интеллектке негізделген жауап беру жүйесі секілді бірегей мүмкіндіктері бар. Басқа іздеу жүйелерінен өзгеше, Brave Іздеу сізді бақыламайды. Жеке деректеріңіз жиналмайтындықтан, оны сату, тарату немесе жоғалту да мүмкін емес. Brave Іздеу туралы толығырақ біліңіз.

Brave қай тілдерде қолжетімді?

Brave браузерін жалпы 160-қа жуық тілде қолдана аласыз. Оның ішіне қытай тілінің 4 түрлі диалекті де кіреді. Бүгінде Brave Іздеу 20-ға жуық тілде жұмыс істейді және алдағы уақытта тілдер саны одан әрі көбеймек.

Brave-ке кім иелік етеді?

Brave браузері мен Brave Іздеу, сондай-ақ оларға қатысты барлық функциялар — жеке меншік, тәуелсіз Brave Software Inc компаниясының өнімі. Brave ешбір технологиялық алпауыт компанияға тәуелді емес және олардың тарапынан жасалатын құпиялықты бұзу әрекеттеріне күн сайын қарсы тұрып келеді. Brave-тің миссиясы — үлкен корпорацияларға емес, сізге қызмет ету.

Brave ашық кодты ма?

Иә! Brave браузері ашық бастапқы кодты Chromium Web негізінде жасалған, ал біздің клиенттік кодымыз Mozilla Public License 2.0 лицензиясымен жарияланған.

Brave пен Chrome арасындағы айырмашылық қандай?

Brave браузер Google Chrome-ға қарағанда 3 есе жылдамырақ екенін көре аламыз. Автоматты түрде жарнамалар мен трекерлер бұғатталады — демек, вебпарақшалар тезірек жүктеледі, кедергі азаяды. Уақытыңызды, ақшаңызды, қуатыңызды Brave арқылы үнемдеңіз. Яғни, ғаламторда өзіңізді әлдеқайда қауіпсіз сезінесіз. Толығырақ біліңіз.

Brave-ті қолдану тегін бе?

Иә, Brave-ті қолдану толықтай тегін. Қолданып бастау үшін Brave браузерін компьютерге, Android құрылғысына](https://play.google.com/store/apps/details?id=com.brave.browser) немесе iOS жүйесіне жүктеп алыңыз. search.brave.com сайты арқылы Brave Іздеуді кез келген браузерден тегін қолдануға болады. Қаласаңыз, оны негізгі іздеу жүйесі етіп орната аласыз.

Brave-те жазылым арқылы пайдалануға болатын бірқатар пайдалы мүмкіндіктер бар, соның ішінде Brave Talk Premium және Brave Firewall + VPN.

BAT деген не және оны қалай табуға болады?

BAT дегеніміз — Basic Attention Token (Назар Аударуға Негізделген Токен) атауының қысқаша түрі. BAT — бұл цифрлық актив әрі Brave Марапаттары экожүйесінің негізгі (бірақ мүлде міндетті емес) бөлігі. Оның қалай жұмыс жасайтыны туралы: Бұл жарнамаларды көріп, Brave Марапаттары бағдарламасы арқылы BAT жинай аласыз.

BAT-ты кәдімгі цифрлық актив сияқты жинауға немесе ұнатқан контент жасаушыларға сый ретінде жіберуге болады. Brave Әмиян көмегімен BAT және басқа да цифрлық активтеріңізді қауіпсіз түрде сақтай аласыз. Тағы айта кетейік, Brave Марапаттары— мүлде міндетті емес, қолданушының қалауы бойынша қосылатын бағдарлама.

Кейбір технокомпаниялар үшін сіз жай ғана дерек көзісіз — олар сіздің жеке мәліметтеріңізді сатып, табыс табады. Бірақ Brave-пен бәрі басқаша! Біз сіздің назарыңызды құнды әрі жеке дүние деп есептейміз. Сондықтан қандай жарнаманы көруді таңдасаңыз да, одан түскен табыстың бір бөлігі сізге тиесілі болуы керек. Бұл марапат BAT цифрлық активі түрінде беріледі.